Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қытай қонақтары қазақстандық әріптестерінің жұмысын жоғары бағалады.

Қытай қонақтары қазақстандық әріптестерінің жұмысын жоғары бағалады.

23 Сәуір 2020

Қытай делегациясының Қарағанды облысындағы жұмысы аяқталды.
Төрт күн ішінде Қытайдан келген мамандар COVID-19 науқастарына медициналық көмек көрсету, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жүйесін зерттеді.
Қарағандыда болған барлық күндері бір топ қытайлық мамандар қарағандылық дәрігерлермен, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылармен бірге қызу жұмыс істеді.
Сапар соңындаделегацияныОблыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғ. С. Тоқсамбаев пен Қарағанды медицина университетінің ректоры Р. С. Досмағамбетова қабылдады.
Г. С. Тоқсамбаев Қытай елінің қонақтарына атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде, Қарағанды медицина университетінің ректоры Р. С. Досмағамбетова қытайлықәріптестеріне алғыс білдіріп, естелік кәдесыйлар табыс етті.
Сондай-ақ, қонақтар да қазақстандық әріптестеріне пайдалы және жемісті жұмыс үшін алғыстарын білдірді. Олар бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтіп, Қазақстанның дәрігерлері, ұйымдастырушылары тәжірибе алмасып қана қоймай, өз жұмысының нәтижелерімен де бөліскендігінқытай мамандары жоғары бағалады.


0
3172

пікірлер

пікір қалдыру үшін.