Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Кеңес туралы

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Кеңес туралы

23 Сәуір 2020

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес Қарағандыда Қытай делегациясының төртінші күніндегі қорытынды оқиға болды.
 Профессор Б. Н. Көшерова модератор болған кеңеске Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. С. Есмағамбетова қатысты. Ол қытайлық әріптестеріне құжатты таныстырып, әр тармақты егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Осы қаулы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысты негізгі Ресми құжаттар қатарында кезекті болып табылады және 32 нөмірімен белгілі негізгі қаулыны толықтырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аумағында карантин енгізілді. Өңірлердің ерекшеліктерін, теміржол және автомобиль жолдарының  ұзындығын, климаттық аймақтардың айырмашылықтарын, өндірістік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, облыс әкімдеріне қызметті шектеу, карантиндік аймақтандыру жөнінде нақты шешімдер қабылдау құқығы берілді.
Бүгінгі күні барлық жерде кәсіпорындар жұмысының 75%-ы  тоқтатылды. Тек халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз етушілер ғана жұмыс істейді. Көліктердің жүруі тек қана авариялық-құтқару, медициналық және ел мен аймақтардың қауіпсіздігіне жауап беретін өзге де қызметтердің қажеттіліктерін іске асыратын арнайы техникаға немесе көлікке рұқсат етіледі.Қалалардағы қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату маңызды болды, өйткені барлық азаматтар белгіленген ережелерге жауапкершілікпен қараған жоқ,-деп айта кетті А. С. Есмағамбетова. Бұл адамдардың жиналуын тоқтататын және қажетті қашықтықты қамтамасыз ететін жалғыз тиімді шешім болды.
Мемлекет сондай-ақ қолданыстағы төтенше жағдайды қамтамасыз етуді бақылау функцияларын өз мойнына алды: ҚР Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күзетке кірісті. 

Облыс әкімдеріне жергілікті экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың қайсысы өз қызметін біртіндеп қалпына келтіре алатындығын анықтау тапсырылды.
Қаулының арнайы бөлімдерінде стационарларды инфекциялық госпитальдарға, провизорлық ауруханаларға ауыстыру тетіктері, сондай-ақ шұғыл соматикалық патологиясы бар немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша жедел емдеуге көрсеткіштері бар COVID-19 науқастарын қабылдау үшін көп бейінді стационарларды қайта жабдықтау белгіленген.
Қаулыда медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы қорғау шаралары жазылған, оның ішінде пациенттер ағынын бөлу, «таза» және «лас» аймақтарды анықтау, жеке қорғану құралдарын пайдалану.
Қытай мамандары қаулының әр жолын мұқият зерттеді. Ауруханаларды аймақтандыру туралы бір пунктке бірнеше рет қайта орала отырып, қытайлық әріптестер медицина қызметкерлерінің жұқтырылған материалымен байланыс жасаудың мүмкндігін болдырмау керектігін атап өтті.
Қытайлық дәрігерлер COVID-19-ды емдеумен айналысатын жұқпалы орталықтар айналасындағы арнайы айналма дәліз құрылысының тәжірибесі туралы айтты. Бұл қауіпсіздікті күшейтіп, орталықтардың алаңдарында жеңіске жетуге мүмкіндік берді.
Бас санитарлық дәрігер атап өткендей, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салынып жатқан модульдік жұқпалы аурулар стационарлары инфекциялық бақылаудың толық циклін қамтамасыз ететін осы инфрақұрылымдық бөлімдерді қамтиды.

Қызықты диалог деп қытайлық әріптестеріміз мен республиканың бас санитарлық дәрігері қатысқан пікірталасты айтуға болады. Осы талқылаудың куәсі болған барлық адамдар диалогтың екі тарапының да инфекцияны болдырмау стратегиясын жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын табуға және қауіпті жоюда табысқа жетуге деген шынайы ниетін атап өтті.Пікірталаста Іле-Қазақ аудандық ауруханасының бас мейірбикесі Ю Янься сөз сөйлеп, ол өтпелі аймақтарда бейнебақылау орнатуды, медициналық қызметкерлерге арналған тұрақты тренингтер ұйымдастыруды, өтпелі аймақта жеке қорғаныс құралдарының герметикалығын дұрыс алу және бақылау туралы нұсқаулығымен шағын жадынамалар ілуді ұсынды.
 Қаулы коронавирусқа ПТР-ын, тестілеу процедуралары мен түрлеріне жүргізу қажет адамдардың санаттарын анықтайтындықтан, қытайлық мамандар бұл мәселеге көп көңіл бөлді.
Медициналық  персоналдың «лас аймақта» медициналық құжаттармен жұмыс жасауы, стационарлардағы дәрігерлер бригадаларының жұмыс ұзақтығы, маскаларды пайдалану, короновирустық тасымалдаушылықты немесе аурушаңдықты анықтау жағдайларына қатысты талдауларға пікір алмасылды. Талқылауда  COVID-19-ға қарсы әрекет бойынша екі елдің денсаулық сақтау жүйелері өткізетін кешенді іс-шараларда өзекті болып табылатын көптеген маңызды кәсіби мәселелер қозғалды.
 Кездесудің модераторы Б. Н. Көшерова кеңесті аяқтай отырып, кездесу чатында қазақстандық қатысушылардан көптеген сұрақтар жарияланғанын атап өтті. Олардың барлығы қаулыны орындаудың нақты тармақтарына қатысты. Олардың барлығы жинақталып, республиканың бас санитарлық дәрігеріне берілетін болады. Модератор топтың чатына Денсаулық сақтау вице-министрлері Л. М. Ақтаева мен К. Т. Надыров белсенді қатысқандығын айта кетті.
 Ол атқарылған жұмыстың пайдалы болғандығын атап өтті, Қытай делегациясына жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс білдірді.


0
2553

пікірлер

пікір қалдыру үшін.