Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
СОVID-19 науқастарына күтім жасау бойынша семинар туралы.

СОVID-19 науқастарына күтім жасау бойынша семинар туралы.

23 Сәуір 2020

Қытайлық делегацияның Қарағандыдағы жұмысының төртінші күні COVID-19 науқастарын күтуге арналған онлайн-тренингінен басталды. Кездесудің модераторы профессор Б. Н. Көшерова SARS_Cov-2 вирусынан туындаған респираторлық инфекциясы бар науқастарды күту мәселесі біз үшін өте жаңа екенін, сондықтан қытайлық әріптестеріміздің тәжірибесі пайдалы болатындығынатап өтті.
Модератор сөз кезегін делегация мүшесі, Іле-Қазақ автономиялық округінің орталық ауруханасының бас мейірбикесі  Ю Яньсяға берді. Ол өз сөзін инфекциялық бақылау және медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мәселелерінен бастады. Стационарлар мен емханаларда аймақтандыру ережелерін мүлтіксіз орындауға тағы да ерекше назар аударылды.Дезинфекция қатаң түрде кесте бойынша жүргізілуі тиіс.

Ауаның ультракүлгін сәулеленуі (кварцтау деп аталатын) және плазмалық ауа рециркуляторлары өздерін жоғары вирусқа қарсы тиімділігі бар физикалық қасиеттердің дезинфектанты ретінде көрсетті. Соңғылары пациенттер мен қызметкерлердің қатысуымен тәулік бойы жұмыс істей алады, ал кварц шамдары үй-жайда адамдар болмаған кезде қосылуы тиіс.Баяндамашы дезинфекциялық ерітінділерді пайдалану, медициналық мекеменің палаталары мен дәліздеріндегі күтім заттарын, жиһаздарды, едендер мен қабырғаларды зарарсыздандыру мақсатында түрлі жағдайларда белсенді хлорды мөлшерлеу мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мысалы, үй-жайларда ағымдағы дезинфекциялау үшін 1000 мг заттар (белсенді хлорға қайта есептегенде) литр суға ерітілуі тиіс ерітінді пайдаланылады. Мұндай тазалау тәулігіне кемінде үш реттен жүргізілуі тиіс, әрқайсысының ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы тиіс.
Covid-19 науқастарымен жұмыс істейтін қытайлық медициналық ұйымдарда және провизорлық мекемелерде дезинфекциялық режим заң күші бар басшылық алгоритмдеріне сәйкесқатаң сақталады.

Онда іс – әрекеттердің дәйектілігі, оның ішінде заттарды, беттерді міндетті түрде неғұрлым тазадан -неғұрлым ластанғанға дейінгі өңдеу қадамдары анықталған. Пайдаланылған материалдарды, арнайы жұмыс киімдерін, майлықтарды және т. б. жинауға және сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.Жеке нұсқаулықта COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйітін жерлеу туралы жазылған.Қытайда тиісті өңдеуден кейін денелер кремацияланады.Науқастарды шығарғаннан кейін палаталар, лифтілер, киім, көп рет қолданылатын заттар дезинфекцияланады. Өңдеу кемінде бір сағат жүзеге асырылады. Науқастарға олардың жеке заттары (кілттері, телефондары, төлем карталары) дезинфекциялық өңдеу жүргізілгеннен кейін ғана қайтарылатындығын атап өту керек.
Бас мейіргерҚытайда науқастардың контингентіне байланысты медициналық қызметкерлердің жеке қорғанысының үш деңгейлі градациясының ережелері туралы айтты.
Аға және бас мейіргерлер медициналық қызметкерлердің соматикалық денсаулығы мен психологиялық гигиенасына назар аударуы тиіс. Команда мүшелерінің жақсы демалуын және тамақтануын қадағалау керек.Модератор Б.Н. Көшерова айтып кеткендей, онлайн-тренингке 400-ден астам медицина қызметкерлерінің қатысқанын ескере отырып, көптеген сұрақтар қойылды. Олар туралы – біздің келесі хабарламамызда.


0
2522

пікірлер

пікір қалдыру үшін.