Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қашықтық үздіксіз білім алу курсы: қаншалықты ұтымды?

Қашықтық үздіксіз білім алу курсы: қаншалықты ұтымды?

13 Сәуір 2020

ҚМУ-да үздіксіз білім беру курстары қашықтық оқу туріне көшті. Қазіргі кезде заманауи веб-технологиялар арқылы мұғалімдердінде құзыреттілктері дәстүрлі оқытудан қашықтық форматына өзгеруіне мүмкін береді. Сонымен, 2020 жылдың 30 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының дәрігерлеріне «Тиімді оқытушы» модулі бойынша біліктілік арттыру үшін циклы өткізілді. Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы  оқу және клиникалық база болып табылады өз обылыс аймағында. Тренингке  әр түрлі клиникалық  тәжірибе және медициналық колледждерде оқыту тәжірибесі бар 15 дәрігер қатысты. 2 апта бойы оқытушы Кемелова Гүлшат Сейітмұратқызы күнделікті олармен вебинар арқылы кездесті. Тренинг барысында мұғалім кезекті түрде #Myownconference және #ZOOM платформаларын қолданды. Оқытудың бұл тәсілі  онлайн-платформаның мүмкіндіктерін пайдалануға, тестілеуге және үйретуге мүмкіндік береді, ал болашақта осы алынған дағдылар оларға өздерінің жеке оқу курстарын ұйымдастыруға көмектесу мүмкін.

Тыңдаушылар вебинарға әртүрлі тәсілдермен қосылды, олардың кейбіреулері клиникалық мекемелердегі (Луначарский к-сі) жұмыс орындарында, ал басқалары бас ғимараттың мәжіліс залынан (Ткачев к-сі) өтті. Тренинг барысында барлығы тақырып бойынша пікірталасқа қатысып, пікірлерді уақытында ала алды. Цикл аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар онлайн-сауалнамадан өтті, цикл жаттықтырушысының жоғары кәсібилігін, оқытудың ұйымдастырылуы мен тиімділігін жоғары бағалады, білім мен дағдылардың қолданылуы мен пайдалылығын атап өтті.Бұл тәжірибе үздіксіз білім беру циклдерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтуге мүмкіндік берді.

Интернеттегі оқытудың кемшіліктері:

1. Интернеттің жылдамдығы төмен. Бейне таратылымдағы бейне жылдамдығы ауа-райының өзгеруіне немесе басқа факторларға, оператордың қызмет көрсету жағдайларына немесе қоршаған орта жағдайларына байланысты болуы мүмкін. Бейне нөсерлі жаңбырмен де «ілініп» кетуі мүмкін немесе күтпеген жерде жарықтын сөніп қалуы мүмкін.

2. Мұғалім мен оқушы арасында тікелей байланыстың болмауы. Күнделікті сабақтар кезінде мұғалім тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіріп беру үшін тақтаға немесе флипчартқа жазбалар түсіре алады. Ал қашықтық оқыту жағдайда, мұғалім камерада жазғанын көрсете алады, бірақ интернеттің жылдамдығынан немесе басқа «кедергілерден» уақыттын жоғалтуы мүмкін.

3. Физикалық орынға бекіту жаттығудың тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Студенттер ноутбуктің немесе компьютердің экранына қарап бір-екі сағат отыруға мәжбүр болады, нәтижесінде шаршау пайда болады. Қашықтықтан оқыту технологияға тәуелділікті талап етеді.

Онлайн оқытудың артықшылықтары:

1. Қол жетімділігі. Мұғалім қажеттілік туындаған кезде студенттерімен алдын-ала келісілген уақыты кестесіне сәйкес байланысады, тіпті егер студент елден тыс жерде болсада және мұғалім Қазақстанда болса. Онлайн сабақтар екі форматта өткізілуі мүмкін: алдын-ала жазылған видео сабақ немесе тікелей вебинар арқылы. Сонымен қатар, тікелей эфирлер мұғаліммен әдеттегі кездесулерден соншама айырмашылығы жоқтығын көрсетеді, сонымен бірге презентацияны көре алаға болады, сұрақтар қойып, басқа студенттермен сөйлесе алуға болады. Оқытуды кез-келген жерден жүргізуге болады, бірақ әрқашан кәсіби болып орындалу керек.

2. Икемділік. Қашықтан оқыту процесінде оқу материалды тыңдаушылардың көбі өз бетінше оқиды, және оқу үшін өз уақытын таңдай алады. Оқытудың бұл формасы жақсы өтеді және кез-келген жұмыс кестесіне икемделеді.

3. Ақша мен уақытты үнемдеу. Қашықтықтан оқыту күндізгі бөлімге қарағанда арзанырақ. Жұмыс берушілер өз қызметкерінің іссапарлары үшін қосымша шығындарды талап етпейді, ал ұйымдастырушылардан цикл үшін арнайы қаражат қажет емес. Көлік және материалдық шығындардан басқа, қашықтықтан оқыту көп уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

4. Нақты білім. Қашықтықтан оқыту тыңдаушыға белгілі бір білім мен дағдылардың жиынтығын береді.

5. Өзін-өзі тәрбиелеуді дамыту. Қашықтықтан оқыту студенттерден мотивацияны, өзін-өзі  қатаң ұстауды талап етеді.

6. Сабақтардың қайталауы. Ұйымдастырушы он-лайн тренингтің  презентациялар, тесттер, бейнероликтер, чаттар, хабарландырулар бірнеше рет қаралуы мүмкін.

«Тиімді оқытушы» модуліндегі осы онлайн-курс дәстүрлі оқыту әдісі сияқты артықшылықтары мен кемшіліктері бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, бірақ веб-технологиялардың артықшылықтары тиімді пайдалану кезінде кемшіліктер санын азайтады. Ол үшін Интернеттің жылдамдығының жоғары болуы, микрофонмен құлаққаптың болуы және өз жұмысына сүйіспеншелекті талап етеді.

Ғ.С. Кемелова,

Симуляциялық және білім беру

 технологиялары орталығының директоры 


0
2519

пікірлер

пікір қалдыру үшін.