Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көптілді медицина студенттері

Көптілді медицина студенттері

05 Наурыз 2020

Университет студенттерінің тіл үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде тілдік емес мамандықтардың студенттері арасында «Көптілді студент» атты байқау өтті. Шет тілдер кафедрасының ассистент профессоры Т.Ю. Кабуштың жетекшілігімен Қарағанды медицина университетінің намысын «Жалпы медицина» мамандығының бірінші курс студенттері қорғады: Абай Мирзабаев, Дінмұхаммед Орынбасар, Ұлдан Сұлтанқызы, Алдияр Смаил, Галия Қайырбекова.

Сайыс үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде студенттер өз топтарын таныстырды. Қатысушылар топтың аты, логотипі, ұраны туралы  қысқаша ақпарат ұсынды.

Екінші турда топтар өздерінің көптілді студенттер үлгісін көрсетті.

Үшінші айналым - «Ертегінің сахналануы». Топтар үш тілде ертегілер ойнады.

Жарыстың нәтижесінде біздің университетіміздің командасы 3-ші орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Одан әрі жеңіс  тілейміз!


0
2274

пікірлер

пікір қалдыру үшін.