Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білімнің сапасын арттыру тәуелсіз бағалау арқылы

Медициналық білімнің сапасын арттыру тәуелсіз бағалау арқылы

26 Ақпан 2020

21 ақпан 2020 жылы Нұр Сұлтан қаласында Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының (ҰТЕО) Жоғарғы алқалық кеңестің (ЖАК) кеңейтілген отырысы өтті, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Абишевтің, ҰТЕО халықаралық серіктестері, БАҚ және басқа мүдделі тараптардың қатысуымен өтті. Отырысты ЖАК президенті В.Н. Редкокашин, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты, Әлеуметтік және мәдени даму комитетінің мүшесі, «Астана Қаласынының Құрметті азаматы» ашты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Айыпханова өзінің баяндамасында денсаулық сақтауды дамытудың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы 6 жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы күшіне енгенін, сонымен мемлекеттік бағдарламада сапаны жақсартуға бағытталған 34 индикатор мен 111 шара бар екенін турлы айтты. Медициналық қызметтер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандарды лицензиялау мен сертификаттаудың жаңа үлгісіне кезең-кезеңмен көшуде.

ҰТЕО-нің 2019 жылға арналған есебі туралы ҰТЕО төрайымы Г.Т.Жангереева баяндама жасады, ол тәуелсіз емтихан күшейіп келе жатқанын және барлық медициналық оқу орындарын (университеттер мен колледждер) қамтитынын атап өтті. Филип Диксон, NCSBN (АҚШ), операциялар және тәуелсіз емтихан бойынша директоры, АҚШ-тағы медбикелерді тәуелсіз бағалау тәжірибесімен бөлісті. NCSBN 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді және мүшелері Америка Құрама Штаттарында 50 штатта, Колумбия округінде және АҚШ-тың төрт аумағында медициналық қызмет көрсететін ұйым болып табылады. Медбикелердің біліктіліктерін үнемі талдаумен және өлшеумен қатар, NCSBN денсаулық сақтау, мемлекеттік саясат, мейірбикелік іс-тәжірибе және нормативтік процестер мен бастамаларға қатысты, ұлттық және халықаралық деңгейде белсенді серіктес болып табылады.

Кадрлар саясаты бөлімінің бастығы О.В Маршалко Беларусь денсаулық сақтау кадрлық саясатын шешудегі тәжірибесімен бөлісті. Беларусь мемлекетінде жеке медициналық білім беру ұйымдары жоқ, барлық түлектер мен денсаулық сақтау саласының мамандары персоналдың жеке есебіне сәйкес кадрлар қажеттілігінің 10 жылдық жоспарына сәйкес бақыланады, жыл сайын 3000 түлекті Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрі жұмыс орнына өзі таратады. Педагогикалық бірлестіктің төрағасы - Беларусь Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары болып тағайндалады. Шақырылған ҚазҰМУ және  КеАҚ «МУК» өкілдері 2019 жылғы интерндер мен резиденттердің тәуелсіз емтихан нәтижелерінің медициналық білімге әсері туралы айтты. Интерндер мен резиденттерге 2020 жылы тәуелсіз емтихан өткізу тәртібі туралы ұсыныстар айтылды.

ҰЕУО ЖАК отырысына қатысқандардың бәрі түлектердің тәуелсіз бағалауы білім сапасын көтеруге ынталандырады деген пікірге келді.

Г. Кемелова,

Білім беру және симуляцилық технологиялары

орталығыныңдиректоры«МҰК» КеАҚ


0
2099

пікірлер

пікір қалдыру үшін.