ОҚКЕ туралы құнды ұсыныстар
Бүгінгі таңда симуляциялық оқыту негізінде медициналық білім берудің басым бағыттарының біріне айналуда. «Қарағанды медициналық университетінін» Симуляция және білім беру технологиялары Орталығы - ел ішінде ғана емес, сонымен бірге шетелде де тренажерлік жаттығулар өткізетін көшбасшы. 2017 жылы Орталық жұмысы «Симуляциялық оқыту шебері» деп танылды.
•Құзіреттілікке негізделген мұғалімдерді даярлау
•Симуляциялық жаттығуларға арналған білім беру ортасы
•Жоғары технологиялық тренажерлерді қолдана отырып, симуляциялық жаттығуларының сәттілік факторлары
•Симуляциялық оқыту нәтижелерін бағалау
•Әр түрлі технологияларды қолдану арқылы симуляциялық орталықта практикалық дағдыларды бағалаудың сенімділігін арттыру
•Клиникалық пәндерді оқытуда стандартталған пациентті қолдану тәжірибесі.
Тренингтің соңында мұғалімдер клиникалық емтиханды ұйымдастыру, өткізу және бағалау туралы толық түсінік алды.
Барлық Батуми университеттерінің қатысушылары Г.Кемелова ұсынған материалдың өзектілігін, қол жетімділігі мен жоғары деңгейде дайындалуын атап өтті, сонымен қатар Батумидегі ОҚКЕ тапсырмаларын орындау үшін медициналық жоғары оқу орындары арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті.
Г.С. Кемелова,
Симуляциядық және білім беру технологиялар
орталығының директоры