Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

28 Қаңтар 2020

«Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіндегі жоғары білім беруді модернизациялау» жобасының аясында ҚМУ КеАҚ базасында 2020 жылдың 20 мен 24 қаңтар аралығында ТММУ тоғыз қызметкеріне үш модуль бойынша дәріс болып өтті:

ТММУ 3 қызметкеріне ««Зерттеуші» модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушылардың бастапқы курсы»;

ТММУ 4 қызметкеріне – ««Кәсіби» модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушылардың бастапқы курсы»;

ТММУ 2 қызметкеріне- ««Медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жаттықтырушыларын дайындаудың жетілдірілген курсы модулі бойынша «Клиникалық біліктілікті дамытуға арналған оқу бағдарламасында симуляциялық технологияларды қолдану»;

ҚМУ КеАҚ жетекші жаттықтырушылары В.Б. Молотов-Лучанский, Д.А. Клюев, В.П. Риклефс пен  Г.С. Кемелова ТММУ-нен келген серіктестерге оқу үдерісін ұйымдастыру мен  өткізудің алдыңғы қатарлы әдістеріне оқытып, білім берудің заманауи және белсенді әдістерін көрсетті.

Курстың соңында тыңдаушылар алғыстарын білдіріп, модульдің өзектілігін атап өтті.

СББТО маманы А.М. Бейсембекова


0
2019

пікірлер

пікір қалдыру үшін.