Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Табысты академиялық алмасу

Табысты академиялық алмасу

10 Желтоқсан 2019

2019 жылдың 11-23 қарашасы аралығында химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы А.Б. Копжасарова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің зертханалық пәндер кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жұмыс істеді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті-Қазақстан республикасы Түркістан облысы Түркістан қаласында орналасқан жоғары оқу орны. Кафедра жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құрамға ие, үздік құраммен А.Б.Копжасарованың кездесуге, сөйлесуге және өнімді жұмыс істеуге сәті түсті.

Зертханалық пәндер кафедрасының ұжымы доцент Г.К. Айболованың жетекшілігімен А.Б. Копжасароваға студенттермен тиімді жұмыс істеуге тамаша жағдай жасады.

Оқу үдерісі аясында медициналық және стоматология факультеттерінің бірінші курс студенттеріне "6В10155-Жалпы медицина" және "6В10156-Стоматология"мамандықтары бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізілді. Практикалық сабақтар күрделі химиялық реакцияларды талдаумен жүргізілді, сондай-ақ аминқышқылдары мен көмірсулардың сапалық реакциялары бойынша зертханалық жұмыстар жүргізілді.

Академиялық алмасу бағдарламасы оқытушыларға өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге және жаңа тәжірибе алуға, сондай-ақ басқа университеттегі  әріптестерімен қарым-қатынас жасауға және ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.


0
2008

пікірлер

пікір қалдыру үшін.