Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Конфликтология. Эмоциялық жану синдромы

Конфликтология. Эмоциялық жану синдромы

25 Қараша 2019

Қазіргі қоғамда эмоциялық жану синдромының мәселесі өзекті мәселе болып табылады. Бұл  ұғымды психологияға 1974 жылы американдық психиатр Г. Фрейденбергер енгізген. 

Осы тақырып бойынша 20-21 қарашада медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының базасында Медицина мектебінің 5-курс студенттерінің қатысуымен семинар өтті.

Студент Савин Никита "Тағы бір жаһандық жылыну" тақырыбына жоғары оқу орнында оқу кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылау негізінде жасалған баяндамасы ерекше эмоциялық болды. Біраз ойға шомылып қалдық! Ибадуллаева Дана мен Мусина Диана  атты студенттеріміз                " Эмоциялық жану синдромының алдын алу " тақырыбында қызықты ұсыныстар берді. Семинар соңында студент Кемелбекова Назерке " Сіз  қаншалықты даулы адамсыз?» тестілеуін жүргізді. 

Сондай ақ осы тақырып бойынша шетел бөлімінің студенттері өз презентацияларын ұсынды және пікірлерімен бөлісті.

          Семинар белсенділік пен жағымды атмосферада өтті.


0
2600

пікірлер

пікір қалдыру үшін.