Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Барлық жағдайды жасау

Барлық жағдайды жасау

07 Қазан 2019

Қарағанды медицина университетінде «Nur Otan» партиясының хатшысы Оспанқұлов Ғабидолла Абдуллаұлы жұмыс сапарымен болды. сапарының негізгі мақсаты студенттердің білім алу мен бос уақыты үшін жасалған жағдайлары бойынша университеттің қызметімен танысу болып табылады. 

Ғабидолла Абдуллаұлы біріншіден ҚМУ «WELCOME» орталығымен танысты. Партия хатшысы шетелдік студенттердің әлеуметтенуіне, жалпы студенттер үшін үлкен мүмкіндіктер жасауға үлкен көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Бұдан әрі мейман Студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты.  Білім алушылармен бірге Ғабидолла Абдуллаұлы оқу орнынан анықтама алу жолынан өтті. «Адам факторын қоспағанда, студенттермен өзара іс-қимыл процесін электрондық форматқа көшіру өте маңызды. Бүгінгі таңға дейін университетте атқарылған жұмыстар мақтануға тұрарлық. Барлық жоғары оқу орындарында Қарағанды медицина университеті сияқты болуы тиіс», - деп атап өтті Ғабидолла Абдуллаұлы.

Бұдан әрі партия хатшысы «Адал кафетерийінде» болды, онда студенттер ЖОО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық процеске қатысушылар арасында парасаттылық қағидаларын бекіту бағытындағы жұмысы туралы айтты. Ғабидолла Абдуллаұлы белсенді студенттер белсенділерінің шешім қабылдау процесіне көбірек қатысуы туралы пікір білдірді. «Сіз, студенттік республиканың және «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері ретінде университетте қабылданған шешімдерді қалыптастыруға белсенді түрде қатысып, студенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үдерісіне тартылып, қызығушылық танытуға міндеттісіз», - деді Ғабидолла Абдуллаұлы.

Сапар соңында қонақ білім алушылардың өмір сүру жағдайын мониторингілеу мақсатында университеттің №1 жатақханасына барып қайтты. Онда ол жатақхана белсенділерімен кездесіп, тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шешу және орналастыру рәсімдері туралы әңгіме өткізді. «Бүгін мен ЖОО сенімді қолда екенін көрдім. Қарағанды медицина университетіне табыс тілеймін»,-деп қорытындылады «Nur Otan» партиясының хатшысы.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
2315

пікірлер

пікір қалдыру үшін.