Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық аясында педагогикалық тәжірибе алмасу

Академиялық ұтқырлық аясында педагогикалық тәжірибе алмасу

06 Маусым 2019

20-27 мамырда №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Тулегенова Дина Ертаргыновнаакадемиялық ұтқырлық шеңберінде Астана медицина университетінің жалпы тәжірибелі дәрігер кафедрасында тәжірибе алмасудан өтті. Бұл уақыт өнімді болды. 

Сабақтар 7-ші қалалық емхана базасында көп тілді топтардың 5-ші курс студенттері үшін келесі бөлімдер бойынша өткізілді: гематология, нефрология, ревматология және эндокринология. Сабақ заманауи оқыту әдістеріне сәйкес жүргізілді, сабақтың  басында және соңында бастапқы деңгей мен қорытындыны анықтау үшін тесттер өткізілді.

Студенттермен бірге коммуникативтік дағдыларды қолданумен клиникалық сценарийлер жасалды, науқасты зерттеу дағдысы, зертханалық және аспаптық зерттеулерді түсіндіру, науқастарды басқару тактикасын диагностикалау және анықтау тәрізді  белсенді оқыту әдістемелері қолданылды. Сабақтың соңында әр студент кері байланыс механизмі бойынша жұмыс жасады. Сонымен қатар, ұтқырлықтың маңызды бөлігі мұғалімдермен тәжірибе алмасу болды.

№3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Тулегенова Д.Е.


0
2473

пікірлер

пікір қалдыру үшін.