Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіс күні біздің жүрегімізде

Жеңіс күні біздің жүрегімізде

16 Мамыр 2019

Кеңес халқының фашистік Германияны жеңген Ұлы жеңіс күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрылуы күнін кезекті мерекелеуге байланысты әскери кафедра қызметкерлері төмендегідей әскери-патриоттық сипаттағы шараларды ұйымдастырып, өткізді:

-  Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды қаласының госпитальдерінде жарақаттан қайтыс болған жауынгерлердің ескерткіш-мемориалын жиыстырып, ретке келтірді;

-  әскери кафедра оқытушылары студенттерге арнап Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасының жеңіске қосқан үлесінің рөлі мен маңызы туралы баяндамалар дайындап, студенттер Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдер оқып, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиған батыр-жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты митинг өткізіп, ескерткіш-мемориалына гүл шоқтары мен гүлдесте қойды;

-  «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Орталық Қазақстан академиясының студенттері қатысқан «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды! Сенің ерлігің әрқашан біздің есімізде, жауынгер!» атты Ерлік сабағы өткізілді;

-  кафедра ұжымы Ұлы Жеңіс қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.


0
2271

пікірлер

пікір қалдыру үшін.