Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақтөбедегі «April`s Science Week»

Ақтөбедегі «April`s Science Week»

30 Сәуір 2019

№3 ішкі аурулар кафедрасының өкілдері М.Оспанов атындағы БҚМУ-да сәуір айының 22-26 күндері өткен «April`s Science Week» ғылым апталығына қатысты. Ассистент  Д.Е.Төлегенова «Медициналық білім берудің тұжырымдамасы: жаңа тәсілдер мен қазіргі зерттеулер» бөлімінде «Бірыңғай тізбектің тиімділігі» есебін ұсынды. 6-курс интерндері Сағадин Назерке, Серикова Асель, Тоқтамысова Асель «Ауыру кезеңінде тыныс жолдары мүшелерінің созылмалы ауруларындағы микробтық қоғамдастықтың анықтамасы» есебі үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

№3 ішкі аурулар кафедрасы


0
2585

пікірлер

пікір қалдыру үшін.