Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық Бір дәрігерге – бір науқас

Академиялық ұтқырлық Бір дәрігерге – бір науқас

11 Сәуір 2019

Біз, «анестезиология және реаниматология(және де оның ішінде балалар)» мамандығының резиденттері, 2019 жылдың 17 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Милан(Италия) университетінің қарамағындағы Сан-Паоло ауруханасында академиялық ұтқырлық аясында білім алдық.

Бағдарламаға қатысқан резиденттер: Кунтуганов Мукан, Намазбаев Руслан, Фролов Вадим, Тажиков Данияр, Аманжолов Талғат, Куатов Абылай, Сабирьянов Ренат және Шәйзадин Қуаныш.

Бағдарлама бойынша біз екі апта ішінде қарқынды терапия және ота жасау бөлімшелерінде білім алдық. Қысқа уақыт аралығында көптеген жаңа ақпаратты игеру мақсатында, біз атап өткен бөлімшелерде ауысып жүрдік. Бұл бізге әр бөлімшенің жұмысын терең түсініп, олардың айырмашылығын ажыратуға көмектесті.

Біздің жұмыс уақытымыз сағ. 07:30-да таңғы дәрігерлер конференциясымен басталады. Ол жерде әр түрлі клиникалық жағдай талқыланып, науқасты әрі қарай жүргізу жоспары туралы шешім қабылданады. Конференциядан кейін түскі уақытқа дейін резиденттер дәрігерлермен бірге қажетті аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізеді. Айта кететін бір мәселе, ол бронхоскопия, өкпе УДЗ, көкет УДЗ және тағы да басқа манипуляцияларды Италияда резиденттер өздері жасайды.

Сан-Паоло ауруханасының қарқынды терапия бөлімшеснің ерекшелігі олардың ДРДС(ОРДС) патологиясы бойынша мамандануы. Аурухана айтылған мәселені емдеу бойынша шығарылатын гайдтар мен клиникалық нұсқаулықтар көзі және олардың қатысушысы болып табылады.

Ауруханадағы график және еңбек жүктемесі дәрігердің жұмыс істеуіне ыңғайланып жасалған: олар үш ауысыммен жұмыс істейді және әрбір дәрігерге бір науқас, сонымен қоса оған жанында оқып жүрген бір резидент көмектесіп жүреді. Бұл тәжірибені өте пайдалы деп ойлаймыз, ондай тәжірибе ұқыпты және сапалы медициналық көмек көрсетуге әкеледі және де дәрігерлерді «кәсіби күйіп кетуден» сақтайды.

Тәжірибеміздің келесі аптасында ота жасау бөлімшесінде біздің италияндық әріптестер бізді қайта таң қалдырды. Бөлімше автоматты түрде ашылатын есіктермен оқшауланған 10 ота жасау бөлмелерінен тұрады. Әрбір ота жасау бөлмесінде науқасты отаға дайындау кезінде және ота жасалып жатқан кезінде қажет болатын барлық құрал-жабдықтар мен шығын материалдарымен артығымен қамтамасыз етілген. Дәрігер жұмысында, соның ішінде анестезиологтарға, заманауи неміс және американдық құрал-жабдықтар, ӨЖВ аппараттары, видеоларингоскоптар, 3D визуализация режимді лапароскопиялық бағандар, TOF технология және де басқалары көрсетілген.

Әр резидентке бұл өте сапалы және есте қаларлық тәжірибе, медициналық персонал жұмысын басқаша ұйымдастыру тәжірибесі. Түйгеніміз: дәрігер ақыл-ой және физикалық күшін дұрыс бөліп, мекемедегі дәрілер мен құрал-жабдықтардың санына мән бермей оларды науқасқа тек нақты қолдана білуі керек. 


0
2891

пікірлер

пікір қалдыру үшін.