Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мектеп оқушыларын реанимация жасауға үйретті

Мектеп оқушыларын реанимация жасауға үйретті

10 Сәуір 2019

2019 жылдың 5 сәуірінде ҚМУ Практикалық дағдылар орталығының жаттықтырушылары 5 курс студенттерімен бірге  КММ «Саран қаласы әкімдігінің №1 жалпы білім беру мектебінің» оқушыларына жүрек-өкпелік реанимация бойынша тренинг өткізді.

 Тренингке мектеп мұғалімдері мен 8-ші,10-шы және 11-ші сыныптың 50-ден аса оқушылары қатысты.

Практикалық дағдылар орталығының жаттықтырушылары жүрек-өкпелік реанимацияны алгоритм бойынша көрсетумен қатар, оқушыларға алған білімдерін бекіту мақсатында тренажерда өздігінен орындауға мүмкіндік берді. 

 Тренинг соңында мұғалімдер мен оқушылар алғыстарын білдіре отырып, аталған тренингтің маңыздылығын атап өтті.


0
2244

пікірлер

пікір қалдыру үшін.