Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Корпоративтік рухты көтерді

Корпоративтік рухты көтерді

07 Наурыз 2019

Қарағандыда алғаш рет Х.Ж. Мақажанов атындағы Облыстық травматология мен ортопедия орталығында резиденттер қатарына қосу шарасы өткізілді.

Травматология орталығының жетекшісі Төлеубаев Берік Еркебұланұлы жас әріптестерін құттықтап, таңдалған мамандықты меңгеру жолында сәттілік тіледі. Резиденттер мен келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында бірінші курс резиденттері арасында сайыс өткізіліп, белсенді қатысушыларға естелік ретінде сыйлықтар табысталды.

Аталмыш іс-шара Х.Ж. Мақажанов атындағы клиникасы жас мамандарының жұмыс мәртебесін және мотивацияны нығайту, сондай-ақ корпоративтік рухын көтеру мақсатында өтті. Болашақта осындай шараларды жыл сайын өткізу жоспарда.


0
2848

пікірлер

пікір қалдыру үшін.