Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Іс жүргізудің тиімді жоладарын үйрену

Іс жүргізудің тиімді жоладарын үйрену

04 Наурыз 2019

Қарағанды медицина университетінің KazMSA Қазақстан Медицина Жастарының Ұйымы 19-ыншы ақпан күні тренинг өткізген болатын. Ең алдымен, халықаралық тренер ретінде Қымбат Кабдулина адам ресурсын белгілі бір салада қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде сөз сөйлеген болатын. Ал, келесі спикер Ганиева Айжан болса, NMO Management жайында айтқан болатын. Сонымен қатар, ол өз істеріңді дұрыс бөлу жөнінде, оларға арнап жоспар құру туралы, көптеген адамдармен жұмыс істеу мен оларды басқару туралы сөз сөйледі. Соңғы боп, үшінші спикер Кабыкай Ернұр профессионализм мен стартегия жайлы сөз қозғаған болатын. Өйткені өз ісінің майталманы ғана жетік стратегиялар арқылы мықты көшбасшы бола алады.

Тренинг әдеттегідей дәріс форматында емес, керісінше спикерлер қатысушылармен бірге топ құрып, топтық жұмыстар жүргізу арқылы өтті.  Бұл арқылы студенттер өздерінің идеясымен бөлісіп, көпшілік ортада сөз сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды, сонымен қатар олар жаңа тұлғалармен танысты.

Альмира Темирхан


0
2702

пікірлер

пікір қалдыру үшін.