Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық ұтқырлығы туралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық ұтқырлығы туралы

19 Желтоқсан 2018

Талиева Гульбанат Нургалиевна Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша  26.11.2018 - 07.12.2018 аралығында жіберілді.

Талиева Г.Н. университетте болған кезде Түркестан қаласының Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профилактикалық медицина кафедрасының «Жалпы медицина» мамандығының үшінші курс студенттеріне қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізді. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары:  «Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларын алдын алу»,   «Радиациялық – гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондаушы сәулеленудің көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері. Табиғи сәуле көздерімен және медициналық сәулеленуді шектеу. Дозиметриялық және радиометрлік бақылау».

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профилактикалық медицина кафедрасы және Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің нутрициология және гигиена кафедрасымен өзара жұмыс туралы Меморандумға қол қою бойынша сұрақ талқыланды.

Талиева Г.Н.

«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»

пәніне жауапты,

медицина ғылымдарының кандидаты, профессор       

0
3020

пікірлер

пікір қалдыру үшін.