Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу

01 Қараша 2018

  2018 жылдың 30 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің университетіміздің студенттері «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесуі өтті

  Жоба жеңімпаздарының бірі Алимханова Роза Сейтқалиқызы, №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, жас балалардағы тірек-қимыл аппараты патологиясының отасыз емдеудің бірегей әдісінің авторы және де Абатов Нуркаси Тулепбергенович - №3 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, жоғарғы санаттағы хирург, профессор, ішкі мүшелерінің ауруларын жедел емдеудің эндовидеохирургиялық әдістерінің және ультрадыбысты бақылау астында іш қуысының құрылымдарын дренаждау әдісінің маманы.

  Жетекші ғалымдар өзінің ғылыми тәжірибелерімен сондай-ақ ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті, отандық және шетелде денсаулық сақтауда сәтті қолданылған әдістер туралы айтты. Кездесу барысында мамандар өздерінің озық технологиялар мен медициналық тәжірибесінде қолданылатын әдістер талқыланды.

  Танымал ғалымдармен кездесу өте жемісті өтті. Студенттер жан-жақты сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

  Жастар өкілдерінің ғалымдармен, саясаткерлермен және жай ғана танымал адамдармен кездесулердің бұл форматы университет студенттерінің ғылыми және шығармашылық әлеуетін одан әрі дамытудың катализаторы болады деп үміттенеміз.

  Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3866

пікірлер

пікір қалдыру үшін.