Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік ойын

Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік ойын

16 Қазан 2018

2018 жылдың 11 қазанында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындаҚазақстандағы Өзбекстан жылына және тарих факультетінің 80-жылдығына арналған «Өзбекстанның тарихы мен мәдениеті» атты ЖОО арасындағы зияткерлік ойын өтті.

 Бұл сайысқа Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық  Университетінің және «Болашақ» академиясының командалары қатысты. Біздің Университеттің намысын «Шоқ» командасы қорғады.

Команданың құрамында «Жалпы медицина» мамандығының 1курс студенттері: Аружан Орынбасарқызы, Ғазиз Берікбай, Айбол Құнанбайұлы, Диана Жеңісқызы, Сандуғаш Атеева, Азат Ержанов, Тоғжан Сағидолдинова, Бексұлтан Рахметов болды. Жанқиярлықпен жеңісте біздің команда екінші орынға шығып, екінші дәрежелі дипломға ие болды. Сайыста біздің командаға үлкен қолдау көрсеткен, жанкүйер болған «Жалпы медицина» мамандығының 1-011,1-012 топ студенттерінің еңбектері де ерекше.

Ұйымдастыру комитеті Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының меңгерушісі Қ.А.Темиргалиевті, кафедраның доценттері Б.Ғ. Нұғманды, А.Е. Даниярованы, Б.С. Малыбаеваны аталған шараға белсене қатысқаны және студенттерді ұйымдастырғаны үшін алғыс хатпен марапаттады.


0
3683

пікірлер

пікір қалдыру үшін.