Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абу Али Ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институты Стоматология факультетінің деканы және студенттерінің ҚММУ-не академиялық ұтқырлығы

Абу Али Ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институты Стоматология факультетінің деканы және студенттерінің ҚММУ-не академиялық ұтқырлығы

11 Қазан 2018

2018 жылдың 01 қазанында академиялық ұтқырлық аясында ҚММУ-не Абу Али Ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетінің деканы, терапевтикалық стоматология кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Ражабов Отабек Асрорович келген болатын. О.А. Ражабовтың келу мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау саласында тәжірибемен алмасу болып табылады, сондай-ақ, ол қосымша ретінде қазанның 15 мен 30 аралығында стоматология кафедрасында 3 және 4 курс студенттеріне «Кариесология» пәні бойынша дәріс оқитын болады.

Қарағандыға келген бетте, Ражабов мырза халықаралық ынтымақтастық бөлімімен танысып, Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация мектебі деканының орынбасары А.М. Қамаровамен кездесіп, сұхбаттасты. О.А. Ражабов мырзамен ҚММУ-не тағы да БухММИ-нің стоматология факультетінің 3 курсының үш студенті мен бір 5 курс студенті келген болатын. Олар стоматология кафедрасында қазанның 1 мен 31 аралығында академиялық ұтқырлық аясында «Эндодонтия», «Бет-жақ хирургиясының негіздері», «Шырышты қабықтың парадонтоз аурулары» пәндері бойынша сабақ өтетін болады. Сондай-ақ, студенттерге демалыс күндері Практикалық дағдылар орталығында симуляциялық курс ұйымдастырылды.

02 қазан күні қонақтар Стоматология мектебінің деканы А.С. Калинамен танысты, әрі қарай олар Стоматология мектебімен, Практикалық дағдылар орталығымен танысып,

А.С. Калинаның ертуімен стоматология кафедрасын көріп қайтты.

05 қазан күні қонақтардың ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетовамен кездесуі болды, халықаралық ынтымақтастық бөлімімен ҚММУ Мұражайына танысу экскурсиясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 08 қазан күні Ражабов мырза Ғылыми-зерттеу орталығымен танысып, орталық директорымен сұхбаттасты.  


0
3171

пікірлер

пікір қалдыру үшін.