Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

01 Қазан 2018

2018 жылдың 24.09. Инновациялық технологиялар трансферті орталығы негізінде «Денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» 005 республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Студенттерді бағалау бойынша медициналық білім беру ұйымдары тренерлерінің ілгерлету курсы» модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдарына кезекті ПОҚ-ты оқытуды бастады. Оқытуға М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі және Жезқазған қаласының медициналық колледжінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен жетекші орынбасарлары, сондай-ақ кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысады.  Оқытуды университет оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Виктор Петрович Риклефс, профессор Людмила Геннадиевна Тургунова, доценттер Гульшат Сейтмуратовна Кемелова және Елена Михайловна Ларюшина жүргізеді. Оқыту 12 қазанға дейін күндізгі және қашықтықтан оқыту түрінде өткізіледі. 



0
3472

пікірлер

пікір қалдыру үшін.