Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

25 Қыркүйек 2018

2018 жылдың 17.09. Инновациялық технологиялар трансферті орталығы негізінде «Денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» 005 республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Виртуалды науқастарды қолдану арқылы проблемалық-бағытталған оқытудың тьюторларын оқыту бойынша медициналық білім беру ұйымдары тренерлерінің ілгерлету курсы» модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдарына кезекті ПОҚ-ты оқытуды бастады. Оқытуға М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Солтүстік-Қазақстан медициналық колледжі, Қостанай медициналық колледжі және Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен жетекші орынбасарлары, сондай-ақ кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысады.  Оқытуды университет оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Виктор Петрович Риклефс,  Инновациялық технологиялар трансферті және кәсіби даму орталығының директоры Алма Зульфухаровна Муратова және Морфология кафедрасының аға оқытушысы Елена Хаджимурзаевна Батяева жүргізеді. Оқыту 5 қазанға дейін күндізгі және қашықтықтан оқыту түрінде өткізіледі. 



0
3843

пікірлер

пікір қалдыру үшін.