Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан халқы тілдерінің күні

Қазақстан халқы тілдерінің күні

18 Қыркүйек 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы тілдерінің күні қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстан халқының бірлігін, төзімділігін, келісімін, мәдениет пен дәстүрлердің сыйластығын білдіреді.

Орыс тілі кафедрасында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай іс-шара өткізілді. Мемлекеттік тілде білім алатын «Жалпы медицина» мамандығының І курс студенттері әдеби-музыкалық композиция дайындады. Ерхан Жүнісов, Таслима Елемесова, Дарын Амандыков, Никита Савин, Ғазиз Берікбай, Толғанай Маратова, Аружан Тоқтабек, Аружан Рахимбаева, Нұртілеу Анаркулов, Меруерт Шериева қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде өлендер оқыса, Мақсат Төлегенов «Балбарауын» күйін орындады. Іс-шараға Үндістан студенттері де қатысты.


0
3908

пікірлер

пікір қалдыру үшін.