Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

14 Қыркүйек 2018

2018 жылдың 03.09. Инновациялық технологиялар трансферті орталығы негізінде «Денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» 005 республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Симуляциялық оқытуды ұйымдастыру бойынша медициналық білім беру ұйымдары тренерлерінің ілгерлету курсы»  модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдарына кезекті ПОҚ-ты оқытуды бастады. Оқытуға М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Солтүстік-Қазақстан медициналық колледжі, Қостанай медициналық колледжі, Жезқазған қаласының медициналық колледжі және Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен жетекші орынбасарлары, сондай-ақ кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысты.  Оқытуды университет оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Виктор Петрович Риклефс және  доцент Гульшат Сейтмуратовна Кемелова жүргізеді. Оқыту 28 қыркүйекке дейін күндізгі және қашықтықтан оқыту түрінде өткізіледі. 



0
3590

пікірлер

пікір қалдыру үшін.