Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Люблин медициналық университетінің (Польша) «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығы

Люблин медициналық университетінің (Польша) «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығы

14 Тамыз 2018

Академиялық ұтқырлықбағдарламасы бойынша, біз 4 курс студенттері: Абильмажинова Әдемі, Оспанова Дана, Оспанова Диана, Жукова Надежда, Акжанов Ғанибек Польшаның Люблин қаласындағы медициналық университет базасында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 31 шілдеге дейінөндірістік тәжірибиені өттік. 1 ай көлемінде гинекология және педиатрия бөлімшелерінде тәжірибеде болдық. Онкогинекология, гинекология, балалар анестезиологиясы және интенсивті терапия, гастроэнтерология, ортопедия және онкология бойынша жетекші мамандардан көптеген тәжірибе алдық.

«Акушерлік және гинекология» пәні бойынша тәжірибе өту барысында барлық ауруханаларда мейірбикелердің ереуілі жүріп жатты, бұл оқиғаның жалғасып жатқанына 3 апта болған екен. Осыған қарамастан,дәрігерлер бізді көптеген оталарға, ота бөліміндегі кіші манипуляцияларға, «онкология және гематология» бөлімінде жұлын - ми сұйықтығын алу барысына қатыстырды. Сонымен қатар,ішкі гинекологиялық зерттеуде болдық, онда гинеколог – дәрігер УДЗ жүргізіп, бізге өзінің іс – әрекеттерін қатар түсіндіріп отырды. Гастроэнтерологияның балалар бөлімінде жалпы қарау, коммуникативті дағдыларды жетілдіру және терапиядан өз білімдерімізді көрсетуге көптеген мүмкіндіктерге ие болдық.

Университеттің бір өкілі бос уақытта симуляционды орталықта экскурсия жүргізді және оқытудағы ерекшеліктерді көрсетті.

 Берілген мүмкіндік пен алынған тәжірибе үшін алғыс айтамыз


0
4908

пікірлер

пікір қалдыру үшін.