Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жалпы медицина және стоматология факультетінің бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау рәсімі

Жалпы медицина және стоматология факультетінің бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау рәсімі

27 Шілде 2018

26 және 27 шілде күні ҚММУ акт залында жалпы медицина және стоматология факультетінің бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсімге оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор, PhD, доктор  В.П.Риклефс, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының оқу – тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары М.К.Елубаева, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасарлары А.С.Байменова, Ж.Б.Шарапиева және профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері қатысты.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша  бакалавриатты бітіру туралы дипломды барлығы 1062 студент алса, «Стоматология» мамандығы бойынша 103 студент алды.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша үздік дипломға М.Ахметчина, М.Бирюкова, С.Шарипова, М.Гаркуша, Б.Жаркешов, А.Сабирова, Н.Курваналиев, С.Рахимова ие болды. 

Салтанатты рәсімде бес жыл бойы жоғары білім көрсетіп, қоғамдық және спорттық шараларға белсенді қатысқан, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми жетістіктері бар студенттер ректордың алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты


0
4567

пікірлер

пікір қалдыру үшін.