Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Орыс тілі күні

Орыс тілі күні

06 Маусым 2018

  Орыс тілі кафедрасы халықаралық медициналық факультетінің бірінші курс студенттерімен бірге Орыс тілі күнін атап өтті. 2010 жылы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті көп тілділікті және мәдени алуан түрлілікті қолдау мен дамыту бағдарламасының аясында Орыс тілі күнін ұлы орыс ақыны, қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы А.С. Пушкиннің туған күні – 6 маусым күні атап өту туралы шешім қабылдады.

  Үндістаннан келген студенттер ұлы орыс ақыны ескерткішінің алдында өлеңдерді орындады. «Я Вас любил…», «На холмах Грузии», «Птичка» және А.С.Пушкиннің тағы басқа белгілі өлеңдері орыс тілін өздері үшін жаңа ғана ашатын студенттердің орындауында жаңа мағынаға ие болды. Студенттердің поэзия арқылы басқа мәдениетті түсінуге, тануға бағытталған талпыныстары, өлеңдерді беріле, шабыттана оқығандары халықаралық медициналық факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканының орынбасары Дулат Мұқажанұлы Досқожиннің құттықтау сөзінде ерекше белгіленді. 


0
3757

пікірлер

пікір қалдыру үшін.