Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтойыңмен «Қаракөз»!

Мерейтойыңмен «Қаракөз»!

30 Мамыр 2018

  25 мамырда ҚММУ акт залында Халықаралық «Қаракөз» шығыс билер ансамблінің  жыл сайынғы есеп беру концерті өткізілді. Биылғы концерт мерейтойлы күнге - ұжымның 25 жылдығына арналған болды.

  Мерейтойлы кешті ашудың құрметті құқығы ҚММА (1989-2001 ж.)  ректоры  М.Т.Алияқпаровқа берілді, ол ұжымның құрылу тарихы туралы айтып, ансамбльдің барлық жетекшілеріне алғыс хаттар тапсырды.

  Қазіргі таңда ансамбльде 60-тан астам адам бар. Бұл оқуларымен қатар, биге деген махаббатты біріктіретін болашақ дәрігерлер. Ансамбльдің репертуарында 40-тан астам әр түрлі шығармалар бар, әр билері жанды жылытады және оның орындаушыларының шынайылығымен толады.

  Бұл кеште көрермендерге  «Махаббат сыры», «Қаракөз күнделігі», «Инь-Янь», татар биі «Бие кио», «Шығыс биі» (Қарлығаш Байтасова), тәжік биі  «Гиждалла», «Русская Плясовая», «К–рор Style»  биі, «Испан биі» (Мақпал Жүнісова), «Үнді биі», «Мұражайдағы түн» және «Махаббаттың қолында» (Жанара Құрманбаева және Нурғали Искендер) атты би композициялары ұсынылды.

  Есеп беру концерті әрдайым қуанышқа толы болғанымен қимастық сәттер де бар, себебі жыл сайын ансамбль өз түлектерімен қоштасады. Биыл  оқуларын аяқтап, ұжымнан кететіндер:

Гүлназ Тубанова, Ұлдана Сейділдә, Ақылбек Табулдинов, Нурғали Искендер, Жанар Құрманбаева, Мадина Сандыбай, Айсулу Мұқарамова және Жұлдыз Молдахметова. Ансамбльдің жетекшісі М.К.Қосыбаева барлық ансамбль мүшелерін мерейтоймен құттықтап, бітірушілерге жылы лебізін білдірді және есеп беру концертіне ат салысқан ұйымдастырушылардың барлығына өз ризашылығын білдірді.

Ансамбльдің ұжымы өз түлектеріне жарқын соңғы биін арнады.

   Абдрахманова Адина (4-071 ОМ)

  Халықаралық «Қаракөз» шығыс билер

ансамблінің  қатысушысы


0
4295

пікірлер

пікір қалдыру үшін.