Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

Медициналық білім беру ұйымдарының ПОҚ-ын оқыту

29 Мамыр 2018

2018 жылдың 28.05 Инновациялық технологиялар трансферті орталығы негізінде «Денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру»005 республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Медициналық білім беру ұйымдары тренерлерінің базалық курсы аясында «Тиімді оқытушы»»  модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдарына кезекті ПОҚ-ты оқытуды бастады. Оқытуға М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің, Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінің, Жезқазған қаласының медициналық колледжінің, Өскемен медициналық колледжінің, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Павлодар медициналық жоғары колледжінің, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің және Республикалық жоғары медициналық колледжінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен оқытушылары, сондай-ақ, Ұлттық Нейрохирургия орталығының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысуда.  Оқытуды университет профессорлары Досмағамбетова Раушан Сұлтановна, Тургунова Людмила Геннадьевна және университет доценттері Кемелова Гульшат Сейтмуратовна мен Ларюшина Елена Михайловна, сондай-ақ, Канада қонағы, профессор Алмаз Каирович Толымбек пен Лестер Университетінің (Ұлыбритания) профессоры  Мохаммед Аль-Узри жүргізеді. Оқыту 16.06.18 дейін күндізгі және қашықтықтан оқыту түрінде өткізіледі. 



0
3568

пікірлер

пікір қалдыру үшін.