Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тілдік бірліктердің көркем мәтіндегі қолданысы

Тілдік бірліктердің көркем мәтіндегі қолданысы

28 Мамыр 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасында  2018 жылдың 17-18 мамыры күндері авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік негізінде кафедра доценттері М.А.Маретбаева және Б.С.Каукербекованың бірлесуімен «Коммуникативтік құзіреттіліктегі тілдік бірліктердің жұмсалымдық қызмет ерекшеліктері» атты оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинары төменгі бағыттар бойынша жүргізілді:

1.  Мәтін және дискурс.

2.  Сөйлеу мәдениеті.

3.  Көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасау әдістері мен аспектілері.

Оқыту семинары барысында кәсіби қазақ тілі пәнін оқытуда мәтінмен жұмыс жасаудың экстралингвистикалық және паралингвистикалық факторлары және оларды студентке меңгерту мәселелері қарастырылды.

Семинар жұмысы теориялық және практикалық бөлімдер бойынша жүргізілді. Теориялық бөлімде  дәрістер Назарбаев университетінің оқыту әдісі бойынша іске асырылса, практикалық бөлімде семинар тыңдаушылары көркем мәтін тіліне талдау жасау әдістері мен аспектілері бойынша білімдерін шыңдап, мәтіндегі көркемдеуіш құралдар қызметіне талдау жасады. 


0
3546

пікірлер

пікір қалдыру үшін.