Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Украина, Тернополь қаласындағы студенттер мен жас ғалымдардың ХХІІ халықаралық конгрессі

Украина, Тернополь қаласындағы студенттер мен жас ғалымдардың ХХІІ халықаралық конгрессі

04 Мамыр 2018

2018 жылдың  23-25 сәуір аралығында Украина,Тернополь  қаласында теориялық, эксперименттік  және тәжірибелік медицина саласында студенттер мен жас ғалымдардың ХХІІ  халықаралық  конгрессі өтті. Осы конгрессте біздің  ЖОО-ң атынан «Жалпы медицина» мамандығы бойынша,  4 курс 4069 топтың студенті Мирзатаева Севара Ерсайинқызы қатысты.

Ол ауызша баяндама түрінде «Кіші жамбас және құрсақ қуысының жедел ауруларында диагностикалық  эндовидеолапароскопияның   анықтау мен емдеудің рөлі» тақырыбында өз жұмысын таныстырды.

Ғылыми жетекші м.ғ.к. кафедрасының доценті А.Е. Алибеков. ғылыми жұмыс әділқазылармен өте жоғары бағаланды және 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

И.Я.Горбачевский атындағы Тернополь мемлекеттік медициналық университет ректорына Украина Денсаулық сақтау Министрлігі М.М.Корда, ҚММУ ректорына

 Р.С.Досмагамбетоваға, ҚММУ стратегиялық  даму, ғылым және халықаралық  серіктестік проректоры А.А.Турмухамбетоваға, №2 хирургиялық аурулар кафедра меңгерушісі Е.М.Тұрғұновқа қолдау мен көмек үшін үлкен алғыс білдіреміз. 


0
3665

пікірлер

пікір қалдыру үшін.