Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шахматтық турнир

Шахматтық турнир

12 Сәуір 2018

2018 жылдың 4 – 6 сәуір аралығында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде бірнеше дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссместер Динара Садуакасованың кубогына студенттер арасында шахматтан Республикалық турнир өтті.Турнирде еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарынан 33 команда қатысты: Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Қарағанды қалаларынан студенттер болды. Осы командалар құрамында халықаралық спорт шеберлері Ахметов Аян, Агманов Жандос және тағыда басқа мықтылар өнер көрсетті. Біздің университетіміздің командасы бұл турнирде екінші рет қатысты, көрсеткіштері айтарлықтай жаман емес. Тартысты бәсеке соңында бірінші орынды Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті иеленді. Екінші орында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті. Үшінші орында Назарбаев университеті. ҚММУ атынан Коволенко Людмила Владимировнаның басқаруымен келесі студенттер Сарсембаев Абылайхан (5-025 топ ЖМ), Есенбеков Мағжан (2-022 топ ЖМ), Абил Арай (интерн-педиатр),командада өнер көрсетті, біздің команда үздік ондыққа енді.


Дене тәрбиесі кафедрасы


0
4268

пікірлер

пікір қалдыру үшін.