Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

ӘЗ НАУРЫЗ

27 Наурыз 2018

  2018 жылдың 19 наурызында ҚММУ орта медицина қызметкерлерін дайындау факультетінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Наурыз мейрамын молшылықпен тойласа, жыл бойы үйге тоқшылық пен сәттілік келеді деп есептеген.Бұл нанымдар мерекелік салт-жоралар мен әдет-ғұрыптардың көптігін түсіндіреді.

  Мерекелік және ұлттық нақышта сахна безендірілген.ОМҚДФ білім алушылары қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен әдемі салттарын көрсетті: «Селт еткізер», «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Бастаңғы».

Салт-дәстүрлер ән және бимен жалғасын тапты.

  Мерекелік дастарханға шығыс халықтарының тағамдары ұсынылып, онда құрметті орынға Наурыз көже ие болды. Наурыз көже молшылық пен жақсылықтың бастамасы.

  Наурыз – жердегі барлық адамдардың және табиғаттың бірлік мерекесі,

жақсылық пен шуақ, үйлесім мерекесі!


0
4444

пікірлер

пікір қалдыру үшін.