Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сұлулық үшін сіздерге мың алғыс!

Сұлулық үшін сіздерге мың алғыс!

13 Наурыз 2018

  «Бүгін сіздердің жүректеріңіз жарқын, жылы және қуанышты тілектерге, нәзік гүлдерге және жағымды сыйлықтарға толсын». Дәл осындай сөздермен ҚММУ - нің акт залында халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесіне арналған  концерт басталды.

  80-ші жылдардағы танымал және әсерлі поппури әндері, ер адамның әйелге деген сүйіспеншілігін баяндайтын, адамзаттың жартысын сұлулыққа бөлеген нәзік жандыларға арналған ҚММУ- нің ән үйірмесінің әуендері мерекенің қонақтарының жүректерінде орын тапты. Зал әншілермен бірге «you my heart, you my soul» , «летящей походкой» деп қосыла отыра ән салды және де ламбада әніне сүйсініп коңілдерін сергітті.

  Ары қарай концерт өзбек, түрік, италиан, ағылшын тілдерінде құттықтаулармен жалғасын тапты. Барлық құттықтаулар бір ғана мағынаны білдірді – ең әдемі - әйел сұлулығын мадақтау.

  Көрермендер үшін тосын сый болған бұл мұғалімдер ұжымының КТК командасының орындауы болды. Вилен Борисович, Дмитрий Анатольевич және Семен Сергеевичтің жарқылдаған әзілдері қонақтарымызды немқұрай қалдырмады. Зал күлкіге толды!

  Сахнада Алла Пугачева мен Вячеслав Быковтың әндері, «Golden step» би театрының энергетикалық хореографиясы, «Қаракөз» шығыс би ансамблінің жеке орындаушылары, студенттік КТК командалары тағы да көп шығырмашылық орындаулар біздің ханымдарға ұсынылды.

  Концерттің алғашқы минуттарынан бастап мейірімді және шаттанарлық атмосфера болды. Соның арқасында әртістер мен көрермендер арасында оң эмоциялар мен мерекелік көңіл-күйлердің өзара алмасуы болды.

  Әлбетте, барлық қонақтарымызға концерттен жарқын естеліктер берілгеніне сенімдіміз.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

 

 

               


0
4782

пікірлер

пікір қалдыру үшін.