Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Назар аударыңыз! Вирусты гепатит А!

Назар аударыңыз! Вирусты гепатит А!

16 Ақпан 2018

  Биология мамандығының 1-003 топ студенттері биология кафедрасының оқытушылары В.В. Бритько және  Р.Р. Кенжетаевтың қатысуымен әңгімелесу түрінде бірлескен отырыс өткізді. «Назар аударыңыз! Вирусты гепатит А!».

Бұл сабақты өткізу үшін студенттер әдебиеттерді, интернеттегі ақпаратты зерттеп, гепатит, әсіресе оның алдын алу туралы мүмкіндігінше көп сөйлесуге тырысты,. Сондай-ақ, сабаққа қатысқан адамдарға ақпараттық парақшалар таратылды. Жас кезінде көптеген адамдар табиғаттан берілген ең құнды нәрсе - денсаулығына жеңіл қарайды. Сондықтан, «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген сөзді ұстанбау үшін әрбір кезеңде бізді күтіп тұрған аурулар туралы арнайы білімдермен қарулану қажет. Қорықпай білу - бұл оларға белсенді түрде қарсылық білдіру дегенді білдіреді! Әңгіме барысында студенттер көптеген сұрақтарға жауап алды. Әрбір студенттің өзі үшін жасаған негізгі қорытынды – ауырып қалмау! Бұл дегеніміз, иммунитетке, яғни денсаулығымызды сақтауға және қорғауға, алдын – алу шараларына немқұрай қарамау керек екенін білдіреді.

Юлия Кудрявцева

Қоғамдық денсаулық сақтау,

биология және фармация

факультетінің

«Биология» мамандығының

1-003 топ студенті


0
4286

пікірлер

пікір қалдыру үшін.