Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Erasmus + CBHE грант иелерінің семинары

Erasmus + CBHE грант иелерінің семинары

07 Ақпан 2018

2018 жылдың 29-30 қаңтарында  Брюссельде (Бельгия) Еуропалық Одақтың Білім, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігі (EACEA) ұйымдастырған, «Қазақстанда университет дербестігіне ауысу/TRUNAK»жобасын жүзеге асырушеңберінде, жоба менеджері Гүлдана Ахметова жәнесеріктес университет М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің өкіліСауле Бермағамбетова, Erasmus + Жоғары Білім Әлеуетін Арттыру жобалары бойынша грант иелерінің семинарына қатысты. Кездесу барысында жобаны басқару, іске асыру, қаржылық ережелер және гранттық келісімнің ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жобаны іске асыру бойынша сұрақтар жоба менеджері Анн Шпангемахермен және Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковна Тасболатовамен талқыланды. 




0
4816

пікірлер

пікір қалдыру үшін.