Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа білім, жаңа тәжірибе, жаңа мүмкіншіліктер

Жаңа білім, жаңа тәжірибе, жаңа мүмкіншіліктер

29 Қаңтар 2018

Қаңтардың 5 мен 19 аралығында, біз, Жалпы медицина мамандығының 4- курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында Үндістанда Eternal Heart Care Center(EHCC)-да  екі апталық өндірістік тәжірибе өттік.

EHCC  өте әдемі Джайпур қаласында орналасқан, Үндістандағы алдыңғы қатардағы және беделді ауруханалардың бірі болып табылады. Аурухана мен оның қызметкерлерінен оң көзқарас алғашқы күндерде-ақ қалыптасты және көбінесе бұл аурухананың тату ұжымы мен үнді халқының қонақжайлылығының арқасында. Студенттер үш топқа бөлінді және әрбір топ әр түрлі бөлімшелерде болды. Күнделікті практикадан соң дәрігер Бавани мен дәрігер Ганжан жетекшілігінде лекция ұйымдастырылды, лекцияда біз құнды білім, жаңа дағды, сонымен қатар бар білімімізді жетілдірдік. Екі апта бойы біз терапия, кардиология, кардиохирургия, жалпы хирургия, нефрология, радиология саласында тәжірибе алдық. Дәрігерлер білімі мен тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар біз бірнеше операцияларға қатыстық: АКШ, жүрек клапанын ауыстыру, жатырдан тыс жүктілікті алып тастау және т.б. Біздер үшін ең маңызды факторлардың бірі – медициналық студенттерге медициналық қызметкерлер мен пациенттердің тілектестікпен және құрметпен қарауы.

Қаңтардың 15-де бізге Джайпур қаласының ұлттық университетіне(JNU) бару сәті түсті, онда кітапхананы, анатомия, физиология, микробиология, биохимия, сот медицинасы, патологиялық физиология мен анатомия, клиникалық дағдылар, фармакология кафедраларын, сонымен қатар осы оқу орнының медициналық орталығына бардық, жоғары білікті мамандар, жаңа технологиялар, қазіргі заман жабдықтарымен жабдықталған. ЖОО-ның ректоры Сандип Бакшимен кездесу ұйымдастырылды, кездесуде медицинаның өсуі мен дамуының сұрақтары талқыланды.

Қаңтардың 18-де Дели қаласында ELSEVIER компаниясының (медициналық ЖОО-ның студенттерін клиникалық оқытудың сандық ресурсы) өкілімен кездесу ұйымдастырылды. Өкілдер бұл ресурспен қолданудың қаншалықты ыңғайлы, қолжетімді екенін түсіндірді. Тренинг аяқталған соң конкурс өткізді, конкурстың мәні халықтың денсаулығын жақсарту үшін медицина мен денсаулық сақтау саласына жаңалық енгізу болды. Конкурс нәтижесі бойынша І орынды Хусаинова Іңкәр, Худайберганова Диёна, Жаужүрек Диана алды, ІІ орынды Тобыл Айгерім және Кажигалиева Айна, ал ІІІ орынды Егизбаев Саят және Ахмеров Хафиз алды. Жеңімпаздар ELSEVIER серіктестерінен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Әлбетте, Агра қаласындағы Тадж-Махалдың өзі біздің назарымыздан тыс қалмады. Себебі, Тадж-Махал әлемнің жеті кереметінің бірі болып табылады. Тадж-Махал орасан зор тарихы бар, тамаша сәулетке ие болып табылады. Біз бұл керемет жерге жасаған экскурсияға өте риза болдық. 

Және барша үнді халқының ізгі ниеттілігін, бауырмалдығын, қонақжайлығын жеке атап өткіміз келеді.

Біз бағалы кәсіби дағдыларды үйренуге мүмкіншілік алғанымызға және болашақта елімізге пайдалы бола алатынымызға өте қуаныштымыз.

Үндістанда өндірістік тәжірибе өту мүмкіншілігін бергені үшін университетіміздің ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына, деканат қызметкерлері Культенова Махаббат Тулегеновна және Динеш Кумар,  патологиялық анатомия және физиология кафедраларының мұғалімі Шарма Шив Кумарға, халықаралық серіктестік бөлімінің барлық қызметкерлеріне, соның ішінде Сапарова Мөлдірге алғысымызды білдіреміз.

Халықаралық медицина факультеті деканаты және жалпы медицина мамандығының 4- курс студенттері.


0
5346

пікірлер

пікір қалдыру үшін.