Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Молдова Республикасындағыакадемиялық ұтқырлық

Молдова Республикасындағыакадемиялық ұтқырлық

18 Қаңтар 2018

Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағытындағы 2 - курс магистранттары сыртқы академиялық ұтқырлық аясында семестр бойы Молдова Республикасы Кишинев қаласындағы Н.Тестемицану атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университетінде оқыды. Бұл университетпен алғашқы танысу күндерінен бастап ұйымшыл, тату ұжымының назарына, қамқорлығына бөленді. Кадрларды дайындаудың мәртебелі миссиясы бай кәсіби тәжірибелі, құнды зияткерлік басымдылығы бар профессорлық-оқытушылар құрамына жүктеледі. Ғылыми-оқытушылық саласындағы қызметпен қатар ЖОО 90-нан астам  университтер мен Франция, Германия, Италия, Греция, Голландия, Чехия, Словакия, АҚШ, Израиль, Румыния, Ресей, Украина, Қазақстан және т.б елдерінің  тәжірибелік медицина мен медициналық ғылымдар, фармацевттер, медициналық кадрларын дайындау саласындағы іскерлік қарым-қатынастарды қолдайды.

Келген сәттен бастап Кишинев қаласындағы Ұлттық және муниципальды қоғамдық денсаулық сақтау мекемелерінің барлық зертханаларында дәрістер оқылды және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Оқудан тыс уақыттарда Молдова Республикасының  мәдени-тарихи көрікті жерлеріне экскурсия болды.

Университеттің халықаралық бөлімінің қызметкерлеріне, ректорына, деканат жетекшілігіне,  «Гигиена», «Әлеуметтік медицина және әлеуметтік менеджмент», «Психология және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилілігі, біліктілігі, кең пейілділігі, кез келген сұрақтарға жауап бере алуға даярлығы үшін  ризашылығымызды білдіреміз.

Бізге осындай мүмкіндік жасалғаны және қызықты тәжірибе алғанымыз үшін ҚММУ Ректоры, профессор Досмагамбетова Раушан Сұлтанқызына, халықаралық ынтымақтастық бөліміне алғысымызды білдіреміз. Алған білімдеріміз бен нәтижелерімізді ҚММУ оқу үдерісіне енгізуді жоспарлаймыз.

  Жанар Балтаева

Заур Мустафаев


0
4977

пікірлер

пікір қалдыру үшін.