Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кәсіби тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын талқылау

Кәсіби тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын талқылау

08 Желтоқсан 2017

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде 2017 жылдың 5 желтоқсан күні клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімімен «Жалпы медицина» мамандығының кәсіби тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын талқылау жөнінде қорытынды жиналыс өткізілді. Жиналысқа клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор Бахыт Нұрғалиевна Көшерова, кәсіби практика бойынша жауапты оқытушылар, клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы мен маманы қатысты.  

  Жауапты оқытушылар жасалынған жұмыс бағдарламалары бойынша таныстыру рәсімін жүргізді. Онда практиканы ұйымдастыру, күн тәртібі, практиканы өту барысында студенттердің игеруге міндетті қызметтерінің көлемі мен түрлері туралы сұрақтар, практиканы өтудің соңғы нәтижелерін бағалау бойынша ағымдық және қорытынды бақылау туралы маңызды сұрақтар  талқыланды.

Жиналысқа 1 және 5-курстардан «Жалпы медицина» мамандығының кәсіби тәжірибе бойынша 12 жауапты оқытушы қатысты.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі 


0
5267

пікірлер

пікір қалдыру үшін.