Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазіргі замандағы фундаментальды және қолданбалы зерттеулер

Қазіргі замандағы фундаментальды және қолданбалы зерттеулер

05 Желтоқсан 2017

2017-ші жылдың 23-24 қарашасы аралығында Абуали ибн Сино атындағы Тәжікстан Мемлекеттік Медицина Университетінде "Қазіргі замандағы фундаментальды және қолданбалы зерттеулер" тақырыбы бойынша 65-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Тәджікстан, Қазақстан, Ресей, Австрия, Германия және басқа шет елдердің жетекші ғалымдарының 169 ғылыми баяндамасы оқылды, соның ішінде пленарлық мәжілісте 8, ал секцияларда 161, 26 стендті баяндама көрсетілді. Конференция мәліметтері екі томдық ғылыми жұмыстар жинағы түрінде шығарылды.  Конференцияның тақырыбыотандық және шетел ғалымдарының қызығушылықтарын туғызды.

Конференция барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

• Медицинадағы фундаментальды және қолданбалы зерттеулер.

• Медицина ғылымының басты даму бағыттары.

• Теорикалық және клиникалық медицинадағы жоғарғы технологиялар.

• Жаңа ғылыми жетістіктерді білім беру барысына еңгізу.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚММУ-дің 2-ші оқу жылындағы интерн-хирург Сапар Б.А. қатысты. Ол « Механикалық сарғаю кезіндегі аз инвазивті эндоскопиялық декомпресионды араласу және хирургиялық емдеу» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелерін ауызша баяндама түрінде ұсынды, сонымен қатар ғылыми жұмыс авторлары м.ғ.к., доцент А.Е. Алибеков, №2 хирургиялық аурулар кафедрасы ассистенті А.М. Балыкбаева, Облыстық клиникалық аурухананың жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Е.А. Толеубаев, интерн хирург Б.А. Сапар, интерн хирург Ж.Б. Ержанов. Баяндалған жұмыс конференция төралқасының атынан жақсы жағынан ескертілді.

Конференция өте жоғары деңгейде өткенін айта кету керек, сонымен қатар өте жылы қарсы алды және де шетелдік ғалымдардан жаңа білім мен ғылыми жұмыстар жасауда жаңа белестер алуға мүмкіндік алдық.

 Конференцияға қатысу мүмкіндігін берген үшін және көмек үшін ҚММУ ректоры Р.С. Досмагамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымастастық жөніндегі проректор А.А. Турмухамбетоваға, халықаралық ынтымақ ұйымына, декан В.Б.Ташкенбаева қарамағындағы жалпы медицина және стомотология деканатына, ғылыми жетекшім м.ғ.к. доцент А.Е. Алибековке үлкен алғыс білдіремін.


0
5914

пікірлер

пікір қалдыру үшін.