Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Р.С.Әлімхановажәне Н.Т.Абатов - ҚММУ екі профессоры «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпаздары атанды!

Р.С.Әлімхановажәне Н.Т.Абатов - ҚММУ екі профессоры «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпаздары атанды!

05 Желтоқсан 2017

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасы Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының аясында жүзеге асырылады. Жоба ағымында ұйымдастырушыларға мыңдаған хаттар келді. кандиттарға онлайн-тәртіпте 1,5 миллион қазақстандықтар дауыс берді. Нәтижесінде 102 жеңімпаз анықталды. «Медицина» мамандығының 18 жеңімпазының ішінде екі адам Қарағанды өңірінің, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан шықты. Бұл жоғары санатты травматолог-ортопед медицина ғылымдарының докторы, профессор  Сейітқалиқызы Роза Әлімханова мен жоғары санатты хирург, профессор Абатов Нұрқаси Төлепбергенұлы болды.  Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, жобаның басты мақсаты – қажымас еңбек, білім және дарынның арқасында табысқа жеткен адамдардың шындыққа толы тарихын анықтау және көрсету еді.

Роза Сейітқалиқызы мен Нұрқаси Төлепбергенұлын жеңістерімен құттықтаймыз! 


0
4880

пікірлер

пікір қалдыру үшін.