Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай «Балалар аурулары №1» кафедрасымен «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-де ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара

Тәуелсіздік күніне орай «Балалар аурулары №1» кафедрасымен «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-де ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара

04 Желтоқсан 2017

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)

Керемет мемлекет Қазақстан Республикасы менің Отаным болып табылады. Бұл қайталанбас тарихы, ежелгі мәдениеті  және бай тарихы бар ұлы мемлекет. Қазақстан жері кең байтақ.

Тарихқа үңілсек, Қазақстанға өзінің тәуелсіздігін алу үшін екі жүз жыл қажет болды. Біздің  мемлекетіміздің бостандығы үшін мыңдаған күресті және олардың көбісі осы жолда өзінің өмірін құрбан етті. Ежелден біздің батыр бабаларымыз жерімізді жоңғар шапқыншылығынан қорғады. Ел билеу кезінде адамдар өлімді және әділетсіздікті, қайғыны және бақытсыздықты көрді. Қазақстан халқы Ұлы отан соғысына да бір мемлекеттің бөлігі ретінде белсене қатысты. Ортақ жеңіске жету жолында Қазақстанның он мыңнан астам батырлары соғыста ерлік пен өжеттілік көрсетті. Осы адамдардың арқасында біз тәуелсіз және азат мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Осының барлығы халықтың бірлігі мен жарқын болашаққа сенімінің арқасында. Біз осы адамдармен және еліміздің нағыз патриоттарымен мақтануымыз қажет.

Тәуелсіздік алған күнімізді, 1991 жылдың 16 желтоқсанын Қазақстанның әрбір азаматы біледі. Осы күннен 26 жыл өтті. Бұл бүкіл Қазақстан тойлайтын ерекше күн.  Қазақстанның  Тәуелсіздігі күніне орай  «№1 Балалар ауруылары»кафедрасының ассисентіА.Т Бектурсунова және «Жалпы медицина және стоматология факультетінің» 4- курс студенттерімен 2017 жылдың 24 қарашасы күні «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық  медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-де  қайрымдылық іс- шарасы өткізілді. Бұл мекемеде «Бөбек» «Балдырған» топтарында болдық. Аталған топтарда балалар гидроцефалия, микроцефалия, Даун синдромы диагноздарымен тіркелген.

Іс- шараны өткізу барсында балалар үйі тәрбиешілеріне олардың осы саладағы ауыр еңбегі үшін мақтау қағаздары және балаларға жылы киімдер түрінде сыйлықтар және жемістер мен тәттілер берілді. Іс- шара дәстүр бойынша жылы достық ортада кішігірім концерт түрінде өтті. №1 Балалар аурулары кафедрасына осындай керемет ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.  

Біздің өмірімізде барлығы жақсы, біз белсендіміз, жаспыз және біз басқаларға көмектесуді дұрыс деп санаймыз. 

«№1 Балалар аурулары кафедрасы» ассистенті Бектурсунова А.Т. және «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 4 -курс студенттері


0
5133

пікірлер

пікір қалдыру үшін.