Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Стратегиялық менеджмент» мастер-класы

Стратегиялық менеджмент» мастер-класы

30 Қараша 2017

28-29 қараша күндері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Халықаралық бизнес академиясының бизнес-тренері, Қазақстандағы «Менталды технологиялар институты» жобасының (менеджерлердің тиімділігін арттыруға бағытталған  тренингтердің авторлық бағдарламалары: басқарушылық тәжірибесіндегі интеллект-карталары, Сильва әдісі және басқару. Тайм-Менеджмент: «Басшының автоматтандырылған жұмыс орны», тиімді ойлау техникалары) авторы және негізін қалаушысы Джалкибаев Жексен Васильевичтің қатысуымен «Стратегиялық менеджмент» тақырыбында мастер-класс өтті.


Іс-шара барысында ҚММУ қызметкерлері интеллект-карталарды құру  дағдыларын меңгерді. Стратегиялық менеджмент жүргізудің заманауи әдістерінің маңыздылығы мен басымдықтары туралы айтылды.  Бес минуттықтар ұйымдастырылып (ширату), проблемалар, оларды шешу жолдары талқыланып, ойындар ойналды.

Мастер-класс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат берілді.


0
5026

пікірлер

пікір қалдыру үшін.