Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім Беру Үрдісіндегі Заманауи Әдістемелердің Тиімділігі

Білім Беру Үрдісіндегі Заманауи Әдістемелердің Тиімділігі

29 Қараша 2017

  2017 жылдың 23-24 қараша күндері күн сәулелі  Душанбеде Әбу Әли  Ибн Сина атындағы  Тәжік Мемлекеттік Университетінің  «Қазіргі әлемдегі түбегейлі және қолданбалы зерттеулер» атты жыл сайынғы  65-халықаралық-ғылыми  практикалық  конференциясы өтті. Атаулы конференцияға 8 мемлекет өкілдері қатысты (Ұлыбритания, Германия, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль, Ресей). Конференцияның ұйымдастырылуының жоғары деңгейін, достық атмосферасын және қабылдаудағы жылы лебізді ерекше атап кеткіміз келеді.

  Біздің ҚММУ атынан №1 Хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Шакеев, доценттер Б.А. Бегежанов, М.М. Жанасова, М.Н. Мұратбеков, сонымен қатар 5- курс студенті К. Мұңтаева авторлығымен  ұсынылған «Білім беру үрдісіндегі заманауи әдістемелердің тиімділігі» атты баяндама оқылды. Бұл хабарлама ҚММУ ТДО-да 1-ші және 2-ші жыл оқып жүрген интерн хирург дәрігерлерді оқытуда LapSim виртуалды симуляциялық жаттықтырғышының тиімділік рөлін бағалауға арналған. Хабарлама барысында аталған оқыту бағдарламасы бойынша оқыған интерн дәрігерлердің оң нәтижелері көрсетілген. Нақты алғанда, іш қуысындағы жақсы бағдарлану, камера мен құрал-саймандарды меңгеру, лапароскопиялық оталарды жасаудағы ассистенциялар кезінде жіберілген қателердің көрсеткіші ерекше аталды. ҚММУ атынан ұсынылған хабарлама аталған конференцияның президиумынан да оң баға алды. Конференция мүшелерінің біреуінің атынан оларда оқытудың осындай технологияларының тәжірибесі аз болғандықтан мұндай заманауи оқыту әдістемелерін қолдау және қолпаштау қажет деген пікір де айтылды.

  Біздің ЖОО-ның әкімшілігіне конференцияға қатысу мүмкіндігін беріп, қолдағаны үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді.

0
5033

пікірлер

пікір қалдыру үшін.