Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ 4-6 курс студенттерінің арасындағы хирургиядан олимпиада

ҚММУ 4-6 курс студенттерінің арасындағы хирургиядан олимпиада

28 Қараша 2017

2017 жылдың 17-22 қарашасы аралығында ҚММУ студенттерінің арасында хирургия бойынша жыл сайынғы Олимпиада өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты студенттерде теореялық білімдерін жетілдіру және халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындықтары жоғары студенттерді және интерндерді анықтау.

Олимпиадаға қатысуға «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-5 курс студенттеріне және 6 курс хирург интерндеріне рұқсат берілді. Қатысушылардың тіркелуі «Қарағанды облысының Хирургиялық Қауымдастығы» сайтында өткізілді.  Барлығы сайтта 64 қатысушы тіркелді, оның ішінде 43 студент олимпиадаға қатысты.

Іріктеу  2 кезеңнен тұрды.

1-ші кезең 50 тесттен тұратын викторина және пульт арқылы интерактивті дауыс беру түрінде өткізілді.

2-ші кезең «Практикалық дағдылар орталығы» жағдайында өткізілді және келесі тапсырмалардан құралды:

1. Тамыр  тігісін салу.

2. Екіқатарлы ішек тігісін салу.

3. Эндохирургиялық тігіс.

4. LapSim симуляторында құрылым тамырына диссекция.

Бірінші тур қорытындысы бойынша келесі турға 15 қатысушы өтті, ал жеңімпаз болып бірдей балдар санын жинаған, 50-ден 39 (78%), 5 курс студенті Абдумуталов Нурдаулет және интерн-хирург Бортюк Наталья аталды.

Екінші тур жеңімпазы 91,7% нәтижесімен  интерн-хирург Жиганшина Эльмира иеленді.

Алдыңғы екі олимпиадалардан ерекшелігі, эндобейнехирургиялық тігіс кәдімгі құралды пайдалана отырып салынды, осы құралмен дағдыны орындау нақты шарттарына жақындатуға мүмкіндік берді.  Қуантатыны, жыл сайын студенттер олимпиадаға үлкен жауапкершілікпен қарайды және жақсы мануалдық хирургиялық дағдылар көрсетті. 

2 турдың қорытындысы бойынша хирургиядан олимпиаданың жеңімпазы 6-014 топтың интерні Цильке Павел болды, нәтижесі 78,2%!

Екінші орынды 6-015 топтың интерні Жиганшина Эльмираның  нәтижесі, ол 75,8%, иеленді!

Үшінші орынды  Бортюк Наталья (6 курс) иеленді, нәтижесі 74,4% болды!

АҚ «ҚОХҚ» басқармасы  және №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы  олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтайды, практикалық дағдылар орталығының басшылығына және  қызметкерлеріне олимпиада өткізуде көмек көрсеткені үшін алғысын және ризашылығын білдіреді.

№2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д, профессор, «Қарағанды облысының Хирургиялық қауымдастығының» Қоғамдық бірлестігінің президенті профессор Е. М. Тұрғынов.

0
5036

пікірлер

пікір қалдыру үшін.