Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Операциялық менеджмент» мастер – класы

«Операциялық менеджмент» мастер – класы

26 Қазан 2017

24-25 ақпан күндері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Халықаралық бизнес академиясының бизнес-тренері, Қазақстандағы «Менталды технологиялар институты» жобасының (менеджерлердің тиімділігін арттыруға бағытталған  тренингтердің авторлық бағдарламалары: басқарушылық тәжірибесіндегі интеллект-карталары, Сильва әдісі және басқару. Тайм-Менеджмент: «Басшының автоматтандырылған жұмыс орны», тиімді ойлау техникалары) авторы және негізін қалаушысы Джалкибаев Жексен Васильевичтің қатысуымен «Операциялық менеджмент» тақырыбында мастер-класс өтті.

Іс-шара барысында ҚММУ қызметкерлері интеллект-карталарды құру  дағдыларын меңгерді. Операциялық менеджмент жүргізудің заманауи әдістерінің маңыздылығы мен басымдықтары туралы айтылды.  Бес минуттықтар ұйымдастырылып (ширату), проблемалар, оларды шешу жолдары талқыланып, ойындар ойналды.

Мастер-класс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат берілді.


0
5247

пікірлер

пікір қалдыру үшін.