Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Латын графикасы – болашаққа жол

Латын графикасы – болашаққа жол

10 Қазан 2017

Латын тілінің оқытушысы Д.В. Сизов (орыс тілі кафедрасы) және  студенттер Дарын Абілжанов (2-028 ЖМ)  және Мустафина Назира (3-001ФӨТ)  «1929-1940 жылдардағы латын қарпіндегі ғылыми-техникалық құжаттамалар» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған - «Ғылыми – техникалық құжаттар жөніндегі Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі.  

Дөңгелек үстелде қазақ тілін латын графикасына ауыстыру туралы мәселе қозғалды, осы туралы 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткен.  Әңгіме барысында жоғары оқу орындарының өкілдері, жұртшылық қазақ жазуын латын графикасына аударудың маңыздылығына, еліміздің дамуына оң әсері барына назар аударды.


0
5053

пікірлер

пікір қалдыру үшін.