Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беру бойынша «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» IV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Медициналық білім беру бойынша «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» IV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

02 Қазан 2017

2017 жылдың 2-3 қазанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде  «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» атты медициналық білім беру бойынша ІV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов ашты.

Биылғы жылы конференция медициналық білім беруді интернационалдандыру мәселесіне арналған. Аталмыш тақырыптың өзектілігі қазақстандық ЖОО-лардың стратегиялық дамуымен, олардың  автономды зерттеу  университеттеріне біртіндеп ауысуымен байланысты.

Мұндай өзгертулердің нәтижесіне қазіргі таңның өзінде – халықаралық ынтымақтастық форматының кеңеюі,  Қазақстанның ЖОО стратегиялық әріптестері ретіндегі беделді шетелдік ЖОО жетекшілігі, студенттер мен оқытушылардың  академиялық ұтқырлығын жандандыру, шетелдік мамандарды оқытушылар мен тренерлер ретінде ғана емес, сонымен қатар, академиялық, ғылыми және клиникалық қызметті басқарудағы сарапшылар ретінде тарту жатады. 


0
6224

пікірлер

пікір қалдыру үшін.